«Бурабай» ұлттық паркіндегі көлдерде аэрация жұмысы басталды
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл процесс суды оттегімен қанықтырады және су объектілерінің экожүйесін сақтауға көмектеседі, деп хабарлайды «Бурабай» МҰТП баспасөз қызметі.

Биылғы іс-шара Қатаркөл, Жүкей, Текекөл және Үлкен Шабақты көлдерін қамтиды және оның нәтижелері судың күйіне мен ихтиофаунаға оң әсерін тигізеді.

— Көлдер — бұл барлық тіршілік иелері сияқты күтімді қажет ететін тірі организм. Оттегі жеткілікті болмаса, балық пен су объектілерінің басқа мекендеушілері тірі қалмайды. Бұл жағайға жол бермеу үшін жұмыс істеп жатырмыз, — дейді инженер-ихтиолог Нұрман Айтқожин.

Аэрация заманауи әдістермен жүзеге асырылады: қызметкерлер суды оттегімен қанықтыру үшін араластыратын сорғыларды пайдаланады. Қамыс сияқты табиғи механизмдердің де пайдасы бар, оны суға оттегін жіберетін су «көмекшісі» деседе болады.

Жұмыс өткен аптада басталып, ақпан айының соңына дейін жалғасады.
— Аэрация тек техникалық процесс емес, бұл көлдердің ертеңгі болшағына қосқан үлесіміз. Біз балаларымыз бен немерелеріміз үшін Бурабайдың бірегей табиғатын сақтауға мүмкіндік беретін жағдай жасаймыз, — деді Нұрман Айтқожин.
Бұл іс-шаралар экожүйенің денсаулығын қолдап қана қоймай, көлдерді балықшылар мен туристер үшін тартымды етіп, парктің Қазақстанның табиғи ғажайыптарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайтады.
Бұған дейін Бурабайдағы баламасы жоқ мультимедиялық кешенге 7 мыңнан астам турист келгені белгілі болды.