Бурабай жағажайларындағы сервистің сапасын прокуратура тексере бастады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық табиғатты қорғау прокуратурасы Бурабай жағажайларындағы сервистің сапасын тексере бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Прокуратураның Фэйсбуктегі парақшасында көрсетілгендей, мекеме өкілдері «Бурабай» ұлттық паркінің басшылығымен біріге отырып, ақылы жағажайларды аралап шыққан.

«Жағажайларды жалға алатындармен сұхбат жүргізілді. Қызмет көрсету сапасын жақсару, бағасын арзандату мәселелері талқыланды. Кейбір кәсіпкерлерге тазалық сақтау үшін қосымша биоәжетхана орналастыру туралы айтылды», - деді прокуратура өкілдері.

Айта кету керек, мұның алдында Бурабай курортында демалушылар сервистің нашарлығына айтып, әлеуметтік желіде наразылық білдірген болатын. Адамдар биоәжетханалардың қымбаттығын да тілге тиек еткен.

Кейінірек жағажайларды басқарушы Жандос Байкенжинов әжетханалардың Ұлттық парк меншігінде емес, жалға алынатынын айтты.

Сондай-ақ, Ақмола облыстық табиғатты қорғау прокуратурасы «Бурабай» ұлттық паркінің басшылығына аймақты жалға беру шарттарының сақталуын бақылауға нұсқау берді.

null

Соңғы жаңалықтар