Бурабайда 200 баланың қатысуымен Президент шыршасы өтті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 200 баланың қатысуымен ҚР Президенті шыршасы өтті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.
None
None

Бурабайдағы «Rixos Borovoe»  қонақ үй кешенінде «Жаңа жылдық алаулар ЭКСПО-2017» тақырыбымен ұйымдастырылған шыршаға облыстағы 17 аудан мен 2 қала, балалар үйінен, 4 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаттарынан, 3 дарынды балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаттарынан, жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу облыстық орталығынан, мүгедек балаларды қолдау қауымдастығының оқу үздіктері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың 9 жастан 13 жас аралығындағы 200-ге жуық бала қатысты.

null  

Мерекелік шырша барысында «Достықтағы күш және балалардың бірлігі» атты жаңажылдық театрланған көрініс қойылды. Ең бастысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев шыршаға жиналған балаларға бейне құттықтауын жолдады. Сонымен қатар, шараға Ақмола облысының әкімі С.В.Кулагин қатысып, құттықтау сөз сөйледі 

null  

"Сіздердің барлығыңыз таланттысыздар. Сіздерге Елбасы зор сенім артып отыр. Сондықтан, оқуларыңызды жақсы оқыңыздар", деді облыс әкімі өз сөзінде.

null  

Осылайша, Жаңа жылдық шыршаның ертегілік көрінісі тәтті үстелмен және ескерткіш сыйлықтарын тапсырумен аяқталады.

null   

Еске сала кетейік,  Президент шыршасына қатысатын балалар үшін 25 желтоқсан күні  «Лапландия» Аяз Атаның резиденциясына саяхаты және ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Ал, кешкісін балалар «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында мәдени шараларды тамашалады.

null null 

Соңғы жаңалықтар