Бурабайда 2013 жылы салынуы тиіс болған экологиялық зертхана құрылысы тұралап тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурабай курорты аумағында экологиялық зертханасының құрылысы жобалау-сметалық құжаттаманың болмауына байланысты жүргізілген жоқ. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берген жауабында ҚР Энергетика министрлігі мәлім етті.

 Бурабайда 2013 жылы салынуы тиіс болған экологиялық зертхана құрылысы тұралап тұр

«Бурабай курорттық аймағының аумағында экологиялық зертхана құрылысына қатысты - Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінде экологиялық зертхана ғимаратының құрылысына қаражат қарастырылған жоқ, себебі жобалау-сметалық құжаттамасы болмаған», - делінген министрліктің хабарламасында.

Энергетика министрлігінің мәлімдегеніндей, оның жобалау-сметалық құжаттамасына бұрынғы ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі жауапты болатын.

Айта кетейік, «Назарбаев Университетінің» Ақмола облысы Бурабай курорттық аумағында экологиялық зертханасының құрылысын 2013 жылы басталуы тиіс болған.