Бурабайда 3,2 гектар орман алқабы өртенді

КӨКШЕТАУ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысындағы Щучье-Бурабай курорты аймағында  тілсіз жау 3,2 гектар орманда жалмады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, «Бурабай» Ұлттық мемлекеттік табиғи паркі аумағында Ақылбай орман шаруашылығы 121-інші орамында төмен деңгейде орманды өрт шалғаны белгілі болған. Тосын оқиғамен күреске өңірдегі 8 өрт сөндіру құрылымы, 15 арнайы техника, 1 тікұшақ, 143 адам жұмылдырылды. Күн ыстық, қатты жел болғанына қарамастан тілсіз жаудың көрікті аймақ сұлулығына, табиғат байлығына зиян келтірмеуі жолында өрт сөндірушілер қажырлылық танытып, аз уақыт ішінде апаттың  алды алынды. Қазір барлық орман алқабы ерекше бақылауға алынған. Осындай келеңсіз оқиға Бурабай өңірінде ағымдағы жылы мамырдың 2-де тіркеліп, ол өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан болғаны анықталды, тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар