Бурабайда Аqbura Bay Trail-4 халықаралық жарысы өтті

жарыс
Фото: «Бурабай даму» ЖШС

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Бурабайда жүгіруден Аqbura Bay Trail-4 халықаралық жарысы өтті.

жарыс
Фото: «Бурабай даму» ЖШС

«Бурабай даму» ЖШС қолдауымен Tengri Ultra, Irbis Race және Race Nation сияқты табысты жобаларымен танымал «Экстремалды Атлетика» қоғамдық бірлестігі мен Tengri Runners (BIG3) жүгіру клубы ұйымдастырған жарысқа 11 елден мыңнан астам жүгіруші қатысты.

Олардың арасында Франция, Ұлыбритания, Испания, Ресей тәрізді елдерден танымал спортшылар мен блогерлер бар. 

жарыс
Фото: «Бурабай даму» ЖШС

Жарысқа қатысушылар Ақбура курортының аумағынан бастап, Бурабай ұлттық саябағының көркем жерлері, соның ішінде Үлкен Шабақты және Кіші Шабақты көлдері аумағы арқылы жүгіріп өтті.

Жиналғандар әуесқой спортшыларға жанкүйерлік танытып қана қоймай, Бурабай курортының әсем табиғатын тамашалады.

жарыс
Фото: «Бурабай даму» ЖШС

«Орталық Азияда және Қазақстан Республикасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл сайын Бурабай курортында жүгіруден Аqbura Вay Тrail-4 халықаралық жарысын өткізіп тұрамыз. Әсіресе, шет елдерден келетін қатысушылар саны артып келеді. Бұл өңірде туризмді дамытуға және туристердің тартуға септігін тигізеді», — деді «Бурабай даму» ЖШС бас директорының орынбасары Шыңғыс Оразалин.

жарыс
Фото: «Бурабай даму» ЖШС

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында 51 км қашықтықты 4 сағат 30 минут 28 секундта жүгіріп өткен Астана қаласының тұрғыны Болат Жанғазиев, 23 км қашықтықта Ресейден келген Роман Гусейнов, 11 км қашықтықта қостанайлық Дәуір Доспұлов мәреге бірінші келді.

Ал әйелдер арасында 51 км қашықтықты 4 сағат 46 минут 58 секундта еңсерген қарағандылық Лилия Макеева, 23 км қашықтықта астаналық Мария Акаева, 11 км қашықтықта қостанайлық Татьяна Нерожак жеңімпаз атанды.

марафон
Фото: «Бурабай даму» ЖШС

Іс-шара плоггингпен, ашық аспан астында жүгірумен аяқталды, оның барысында жүгірушілер жерде жатқан қоқыстарды жинады.

Айта кетсек, бұдан бұрын Бурабайда 300 астам адамның қатысуымен PikeMan челленджі өткен еді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram