Бурабайда бірінші халықаралық гастрономиялық фестиваль өткізілмек
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- 2018 жылдың күзінде Бурабайда бірінші халықаралық гастрономиялық фестиваль өткізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Марат Иғалиевке сілтеме жасап.
«Атамекен өңірлік кәсіпкерлер палатасында мейрамханалардың облыстық қауымдастығымен кездесу өткіздім. 2018 жылдың күзінде Бурабайда бірінші халықаралық гастрономиялық фестиваль өткізілмек. Оскар аспаздық- Мишлен белгісі бар аспазшылармен шеберлік сыныбын өткізу туралы келісім бар», - деп жазады Марат Иғалиев өзінің Facebook парақшасында.
Ол туризмді дамыту бағыттарында қоғам өкілдерінен ұсыныс күтетінін айтты.
«Ақмола облысының əкімдігі өңірде жыл бойы туризмді дамыту бойынша жұмыстар жүргізуде. Біз өңірімізде көктем, қыс жəне күзде өткізуге ыңғайлы шаралар туралы ұсыныстар күтеміз», -деді М.Иғалиев.