Бурабайда «Бурабай тұқы -2023» турнирі басталды

Қотыркөл
Фото: https://qr-pib.kz/p/25612

Бүгін Бурабай курорттық аймағындағы Қотыркөл көлінің жағасында «Бурабай тұқы -2023» турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің Іс Басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.  

Бурабай-Даму» серіктестігі ұйымдастырған балықшылар жарысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 30 команда қатысып жатыр. 

– Бұл турнир бұрын еліміздің өзге өңірлерінде өтетін. Биыл Ақмола облысында алғаш рет ұйымдастырылып отыр, – деді «Бурабай-Даму» серіктестігінің туризм және маркетинг бөлімінің бас менеджері Олжас Данияров.

Сайыс ережесі бойынша, балықшылар ұстаған балығын суретке түсіріп, салмағын өлшеп, қазылардың есебіне тіркеткен соң, бірден суға жібереді. Қазылар салмағы 1,5 килодан асатын балықтарды ғана есепке алады. Бүгін таңғы 7:00-де жарыс ертең таңғы 10:00-ге дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар