Бурабайда із-түзсіз жоғалған әйел өлі күйінде табылды

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бурабай ауданында із-түзсіз жоғалған әйел өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бурабайда із-түзсіз жоғалған әйел өлі күйінде табылды

Ведомствоның дерегі бойынша, Жарқайың ауылының 1975 жылы туған тұрғыны 26 қыркүйек белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.

«Іздестіру жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 14 қызметкер және 1 техника, Бурабай аудандық ПБ жеке құрамынан 10 қызметкер және 2 техника жұмылдырылды. Бурабай аудандық ПБ қызметкерлері сағат 13:00 Жарқайың ауылынан 7 шақырым жерден әйелдің денесін тапты. Қазіргі кезде, соттық медициналық сараптама тағайындалды», -деді департамент.