Бурабай қысының керемет көріністері - фотореп

Бурабай
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметі

БУРАБАЙ. KAZINFORM – Әсем табиғатымен «Қазақстанның Швейцариясы» атанып кеткен Бурабай курортында жылдың қай мезгілінде де демалысты қызықты өткізуге болады. Қазіргі қыс маусымында саяхатшыларды қандай қызықтар күтетіні туралы тіліші материалында.

Бурабай
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметі

Бурабайда қыс қарлы, әрі аязды келеді. Тіпті, қаңтар айының кейбір күндері ауа температурасы минус 40 градустан төмен түсуі мүмкін. Дегенмен, курортты өңірде ауа райының қолайлы күндері тамаша қысқы экскурсиялар ұйымдастыруға болады.

Бурабай
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметі

Мәселен, «Бурабай – Қазақстанның інжу-маржаны» деп аталатын экскурсия хан асуының шыңы сияқты жерлерге баруды қамтиды. Бұл – тауларға таңғажайып панорама ашылатын бақылау алаңы. Ол жерден көрінетін Жекебатыр, Бурабай, Көкшетау тауларының көрінісі бірден баурап алатыны сөзсіз.

Бурабай
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметі
Бурабай
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметі

Көкшетау тауындағы Абылай хан алаңында сізді Үш-қыз, Оқжетпес таулары қарсы алады. Олардың әрқайсысы туралы қазақ халқының тарихы мен өзіндік ерекшелігін бейнелейтін таңғажайып аңыздар жинақталған. Саяхатшылар Абылай ханның тағын тамашалап, суретке түсіп, тілек тілейді.

Бурабай
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметі

Келесі нүкте – Көгілір шығанақ. Ол Әулиекөлдің (Бурабай көлі) сол жақ жағалауында, Көкшетау және Теміртау сілемдерінің ортасында орналасқан. Шығанақтың дәл ортасында – әйгілі Жұмбақтас жартасы көз тартады. Егер Бурабайдан Абылай хан алаңына қарай, қайық стансасының жанынан жүріп келе жатсаңыз, ол шашы желбіреген жас сұлу қызға ұқсайды, әрі қарай баяу жүре берсеңіз, әдемі қыз бейнесі кәрі кемпірге айнала береді, ал Оқжетпес шипажайы жағынан қарасаңыз, Сфинкстің бейнесін көруге болады.

Бурабай
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметі

Бөлектау – Бурабайдың бойында орналасқан табиғи шолу алаңы. 147 метр биіктіктен Көгілдір шығанақ, Жұмбақтас жартасы мен Оқжетпес тауы, Бурабай және Үлкен Шабақты көлдері сияқты, осы өңірдің басты көрнекті орындарына керемет көріністер ашылады.

Бурабай
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметі
Бурабай
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметі

Иманаев ағынында тау суының сылдыр әуенін естіп, таза ауа мен Бурабайдың сөзбен жеткізгісіз сұлулығынан ләззат алуға болады.

марал
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметі

Сондай-ақ, туристер топ болып, бір күндік саяхат жасай алады. Онда Бурабай курортының әсем орындары, сондай-ақ, марал шаруашылығына экскурсия қарастырылған.

марал
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметі

Бурабайға саяхат тек физикалық қана емес, психологиялық шаршауды да жеңілдетуге, сонымен қатар ерекше қысқы оазистің керемет көріністерін тамашалауға мүмкіндік береді.

Бурабай
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметі

«Бурабай-Даму» ЖШС жыл бойына туристер үшін Бурабай курортындағы нысандарға қызықты әрі тартымды экскурсия ұйымдастырады.

Бурабай
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметі
Бурабай
Фото: «Бурабай даму» ЖШС баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар