Бурабайда катамаранмен серуендеген 5 адам жағаға орала алмай қалған

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Бурабайда елордалық қонақтар құтқарылды.

Бурабай
Фото: видеодан кадр/ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, катамаранмен және сапбордпен көл бетінде серуендеуге шыққан Астана тұрғындары үлкен толқындардың себебінен жағаға орала алмай қалған.

Ақмола құтқарушылары осылайша қиындыққа тап болған 5 адамды курорттық аймақтың су айдындарында тауып алып құтқарды.

«ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады!» - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар