Бурабайда қатты жылдамдықпен жүйткіген көлік ағашқа соғылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабайда қатты жылдамдықпен жүйіткіген жеңіл көлік ағашқа соғылып, өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бурабайда қатты жылдамдықпен жүйткіген көлік ағашқа соғылды

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 4 сәуірде кешкі сағат 19:00 шамасында «Щучье-Бурабай» тас жолының 14 шақырымында болған.

«Анықталғандай, Бурабай ауданының 57 жастағы тұрғыны «Ауди» көлігімен Щучинск бағытында жүріп бара жатып, жолдың бұрлысында көлікті басқара алмай ағашқа соғылды. Салдарынан жүргізуші «термиялық күйік» диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде полиция жол апатының мән-жайын анықтауда», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, аталмыш жол апаты туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тараған болатын.