Бурабайда өткен марафонға 1 мыңнан астам адам жиналды - Ақмола облысы

Курортты елді мекендегі "РИКСОС" қонақ үйі кешені маңындағы "Лапландия" аумағында ұйымдастырылған күллі əлемге «Ең бақытты бес шақырым» деген атпен әйгілі болған акцияға еліміздің əр өңірінен жиналған 1 мыңнан астам ерікті қатысты. Қатысушылар 5 шақырым бойынша бақ сынады. Жарыс ережесіне сай қатысушылар старттан таза кетіп, мəреге үстеріндегі киімдеріне түрлі түсті бояу жағылған күйде жетуі тиіс.
Жарыстың бір ерекшелігі ол нақты жеңімпаздың жоқтығы. Мұнда бастысы - қатысушылардың мейлінше ләззат алуы мен олардың көңіл-күйін көтеру.
"Биылғы жылғы ЯРКОкроссты ұйымдастырушылар еліміздің жеті қаласында өткізуді көздеп отыр. 18-ші маусым күні Алматы қаласында бастау алса, енді Бурабайда жалғасын тауып отыр. Одан əрі Астана, Қарағанда, Павлодар, Өскемен және Шымкент қалаларында жалғасын табады", деді Ақмола облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Əсет Бүкібаев.