Бурабайда ұры терезеден түсіп, жарты миллионның дүниесін үптеп кетті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Щучинск қаласында жарты миллион теңгеге пәтер тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 26 ақпанында Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның сөзіне қарағанда, белгісіз біреулер оның пәтеріне түнгі уақытта балконның терезінен түсіп, тұрмыстық заттар, киім-кешек және зергерлік бұйымдарды үптеп кеткен. Осылайша, 500 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
«Жедел-іздестіру шарасы барысында сол күні 19 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті. Қазіргі кезде күдікті қылмысын мойындап, үстінен ҚР ҚК 188- бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, күдіктінің осындай өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде», - деп көрсетілген хабарламада.