Бурабайда «Winter Fest-2018» фестивалі өтеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай курортында қызмет және сауықтырудың барлық түрлері бойынша «Winter Fest-2018» фестивалі өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бурабайда «Winter Fest-2018» фестивалі өтеді

«Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығының мәліметінше, 1 желтоқсан күні Бурабай  курортындағы «Burabay Land» сауықтыру саябағында тұңғыш рет қызмет және сауықтырудың барлық түрлері бойынша «Winter Fest-2018» фестивалін өткізу жоспарланып отыр.

«Шараның мақсаты - Бурабай курортының танымалдығын арттыру, қызмет және сауықтыру түрлерін ұсыну. Барлық қатысушылар өз қызметтері мен сауықтыру түрлерін ұсына отырып, арнайы дәлізбен жүріп өтеді», - деп түсіндірді ведомстводан.

Фестивальге курортты аймақтағы отельдер, сауықтыру және туристік қызметтің барлық түрлері қатыстырылады.