Бурабайдағы шипажайларға биыл 26 мың турист келген

Биыл «Оқжетпес», Almaty Resort және «Қазақстан» емдеу-сауықтыру кешендеріне келушілер саны 26 мың 306 адамға жеткен, деп хабарлайды Kazinform

санаторий
Фото: t.me/udp_dadebayev

Президенттің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев басқармаға қарасты демалыс орталықтарының биылғы жұмыс көрсеткішіне тоқталды. 

санаторий
Фото: t.me/udp_dadebayev

«Жыл басынан бері атқарылған жұмыстың нәтижесін қарап шықтым. Бүгін біздің үш шипажайдың жұмыс көрсеткіштеріне қысқаша тоқталсам деймін. Жалпы, „Оқжетпес, Almaty Resort және „Қазақстан“ емдеу-сауықтыру кешендеріне биылғы жыл жемісті болып тұр десек артық емес. Қаңтар-қараша айларында сапалы ем алуға және демалуға келушілер саны 26 мың 306 адамға жеткені осыны көрсетеді. Шипажайлар жылдық жоспарды 11 айдың ішінде орындап, кейінгі 10 жыл ішіндегі ең жоғары нәтижеге қол жеткізді» деп жазды ол Telegram парақшасында. 

санаторий
Фото: t.me/udp_dadebayev

Президент іс басқарушысының айтуынша, статистикалық деректер осы шипажайларға ел азаматтары мен шетелдік қонақтардың көңілі толғанын көрсетіп отыр.

Яғни, жайлылығы, мамандардың кәсіби емдеу шаралары мен медициналық бағдарламалар жұртшылық тарапынан лайықты бағаланды.

санаторий
Фото: t.me/udp_dadebayev

«Келушілер саны мен сапалы қызмет бойынша өте жақсы нәтижеге жеткен шипажай ұжымдарын құттықтаймын. Халықтың игілігіне бағытталған жұмыстарыңыз жемісті болып, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер», — дейді Айбек Дәдебаев. 

бассейн
Фото: t.me/udp_dadebayev