Бурабайдағы казинода полицейлер бомба іздеп жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бурабай курортындағы казиноға бомба қойылғандығы туралы хабарламаға байланысты полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«24 тамызда казиноның бас бухгалтерінің поштасына Cash Ville Casino ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама түскен. Онда көрсетілгендей, ғимаратқа 6 келі тротил әкелінген. Хабарламаның авторы шотқа 5 миллион рубль аударуды талап етіп (хатта көрсетілген), кері жағдайда казиноны жаратынын жазған», - деп жазды жергілікті БАҚ.

Айта кетсек, аталмыш казино Бурабай курортындағы «Rixos Borovoe» қонақ үйінің бірінші қабатында орналасқан.


«Қазіргі кезде айтылған орында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ ведомствоның баспасөз қызметі кейінірек қосымша мәлімет ұсынатынын айтты.


Соңғы жаңалықтар