Бурабайдағы қоқыс Ақмола облысы әкімінің ашуын келтірді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин бүгін Бурабай кентіне барып, курорттық аймақ инфрақұрылымының құрылысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат облыс әкімінің кеңесшісі Марат Иғалиевке сілтеме жасап хабарлайды.

Бурабайдағы қоқыс Ақмола облысы әкімінің ашуын келтірді

«Бурабай кенті және аудан әкімдігінің жұмысы, әсіресе курорт аумағын қоқыстан тазалау мәселесі қатты сынға алынды», - дейді М. Иғалиев.
Өңір басшысы туристер үшін қолайлы жағдайлар жасау қажеттілігіне назар аударды. Мәлік Мырзалин Ботай мәдениеті музейін салу, аквапарктің ашылуы, Бурабай кентінің орталық алаңын жөндеу, сондай-ақ пәтерлер бюросы мен ақпараттық орталық кеңселерінің құрылысы жөніндегі жұмыстарды жылдамдатуды тапсырды.

Облыс әкімі Бурабай кентінің тұрғындарымен де кездесті. Кездесуде жұртшылықтың сұрақтарына жауап беріліп, курорттық аймақты дамыту жоспарлары айтылды.