Бурабайдағы қонақ үйден шыққан өрт толықтай сөндірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурабай кентіндегі өрт жедел түрде толықтай сөндірілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Сағат 13:00-де Бурабай кентіндегі «Алматы» қонақ үйінің серверлік үй-жайында болған өрт сөндірілді. ҚЫзыл жалын 4 шаршы метр алаңды шарпыған.
Оттың басқа үй-жайларға таралуына жол берілмейді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндіруші-құтқарушылар түтін жайылған ғимараттан 106 адамды құтқарып, эвакуациялады.