Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балықтардың қырылу себебі анықталып жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде балықтардың қырылу дерегі анықталды. Жағаға шығып қалған табан, алабұға тәрізді өлі балықтардың суреттері мен видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ресми мәліметі бойынша, қазіргі кезде ғылыми бөлімінің мамандары табылған жерге барып, талдау үшін су сынамаларын алған.

«Судың гидрохимиялық талдауы көрсеткендей, балықтар қырылған аумақтағы судың құрамы қалыпты шектерде, балықтың өлімі жеке сипатта. Жыл сайын осы уақытта көк жасыл балдырлардың гүлденетін кезі. Осы кезде олар өттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөледі. Ал бұл балықтардың өлуіне әкеледі. Бұл негізінен таяз жерлерде болады», - дейді ведомстводан.

Осы ретте, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары келушілер мен балықшыларға балықтардың өлу дерегі анықталған кезде жануарлар дүниесін қорғау бөліміне 8 716 36 71 7 67 және (87472909059) телефондары бойынша хабарлауды сұрайды.

Айта кетсек, бұдан бұрын киік атқан ақмолалыққа қатысты іс қозғалған болатын.



Соңғы жаңалықтар
telegram