Бурабайдың сауықтыру орталықтары Арыс қаласынан 100 баланы қабылдауға әзір

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының активі Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты жергілікті тұрғындарға көмек көрсету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Бурабайдың сауықтыру орталықтары Арыс қаласынан 100 баланы қабылдауға әзір

«Ұлы Далада қиын-қыстау кезде адамдардың бір-біріне көмек қолын созу дәстүрі бар. Бірінші көмек балаларға қатысты. Бүгінгі күні Щучинск-Бурабай курорты аумағындағы балалардың сауықтыру орталығының бесеуі 100 баланы қабылдауға әзір. Қазіргі кезде Арыс қаласының әкімдігімен келіссөздер жүргізіліп, тізімі нақтылануда. Бұл бастамаға бизнес-қауымдастық, мемлекеттік емес ұйымдар, жалпы, жергілікті қауымдастық атсалысуға белсенділік танытып отыр», дейді Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.