Бұрын-соңды болмаған жауын мен «Есентайдағы» сорғының істен шығуы: Алматыны неге су басқаны белгілі болды

подтопление подземных автомобильных тоннелей у торгового центра «Есентай молл»
Фото: Kris_p_almaty видеосынан кадр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Кеше Алматыдағы Каменск үстіртінде жарты сағаттың ішінде жауын-шашынның қалыптан тыс мөлшері жауып, «Есентай молл» сауда орталығындағы жерасты автомобиль туннелі су астында қалды. 

Жауын шашын көлемі орташа айлық нормадан едәуір асты. Сағат 18:30–дан бастап әл-Фараби даңғылындағы (Ж.Үшкемпіров көшесінің қиылысы) жаңбыр суы арық желісіне сыймай, даңғылдың жол бөлігіне қарай арнасынан шықты.

Сағат 19:00–ден бастап нөсер жауынның суы әл-Фараби даңғылының жол бөлігіндегі көлік айрығының Шығыс және Батыс бұрылыстарына, сондай-ақ «Есентай» сауда және ойын-сауық орталығына қарама-қарсы жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне жайылды.

Алматы қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің күшімен көлік құралдарының қозғалысы бұрылыс аймағында шектетілді.

Бұрын соңды болмаған нөсерлі жауыннан көлік айрығының сорғы станциясының автомат құрылғылары істен шықты.

Айта кетейік, сорғы станциясы «Есентай» сауда және ойын-сауық орталығының балансында және ол қолмен қосылған.

Қазіргі уақытта сорғылар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Туннельдерден су сору жұмысы қалыпты жағдайда жүргізілуде.

Жұмысқа қаланың коммуналдық қызметтері мен Құтқару қызметінің арнайы су сорғыш техникасы мен мотопомпалары қосылған.

Жаңбыр жауа бастаған сәттен су тасқынының алдын алу және оны жою, судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін мотопомпа, багр және өзге де шанц құралдарымен жабдықталған 42 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылды. 

Аудан әкімдіктері жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілікте. 

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша бүгін түстен кейін температура +29…+31 дейін көтеріледі және қысқа әлсін әлсін жаңбыр жаууы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар