Бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды

Бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды
Фото: gov.kz

Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады, деп хабарлайды Kazinform агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді. Қазір активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар