Бұрынғы Еңбек вице-министріне қатысты істе жаңа деректер айтылды

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов бұрынғы Еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың ісіне қатысты тағы кімдер тергеліп жатқанын айтты.

Ақмәди Сарбасов
Фото: primeminister.kz

- Бұрынғы вице-министрге қатысты тоқталсақ, ол қазір күдікті ретінде тергеліп жатыр. Қазіргі кезде пара алуға қатысты қылмыстық іс бар. Сондықтан ол бойынша қамауға алу шарасы қолданылды. Сонымен қатар, онымен бірге екі фигурант - бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Арғындықов және ForteBank-тің бұрынғы өкілі Омаров бар. Олар 75 мың АҚШ доллары сомасында алған, - деді Ж.Елемесов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Ескес салсақ, биыл шілдеде бұрынғы Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов қамауға алынды. 

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Сарбасов А.А.-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында көзделген аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.