Бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевқа қатысты үкім апелляциялық тәртіппен қайта қаралды

Бұрынғы вице-минист  қатысты үкім апелляциялық тәртіппен қайта қаралды
Фото: astana.sud.kz

Бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне қатысты үкім апелляциялық тәртіппен қайта қаралды, деп хабарлайды Kazinform Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ИИДМ бұрынғы вице-министрін ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға соттаған (ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы). Іс жазасын өтеу мекемені өзгертуді сұраған прокурордың апелляциялық өтініші бойынша, сондай-ақ сотталған мен оның қорғаушыларының оның кінәсіздігі туралы дәлелдері көрсетілген апелляциялық шағымдары бойынша қайта қаралды. Сотталғанның қылмыс жасаудағы кінәсінің дәлелденгеніне сәйкес, Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен үкімнің күшін жоюға негіз болған жоқ», - делінген хабарламада.

Сот үкімі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны төменгі қауіпсіздіктен орташаға қауіпсіздікте өтеу бөлігінде өзгертілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Бұрынғы вице-министр Т.Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу шеңберінде мемлекетке Қостанай облысындағы «Шевченковское» бірегей кен орны қайтарылғанын жазған болатынбыз.

«Биылғы 27 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының Т.Тоқтабаевқа қатысты үкімі жарияланды. Ол пайдалы қазбалардың ірі қоры бар кен орындарын онымен үлестес тұлғаларға беру кезінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды», - деп жазды Антикордан.

Тоқтабаевқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және мемлекеттік қызмет атқару құқығынан, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасынан айырылып, қымбат мүліктері тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар