Бұрқасын, көктайғақ: Бүгін ауа райы қандай болады

Атлантикалық циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен бүгін еліміздің барлық аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Kazinform.   

Бұрқасын, көктайғақ: Бүгін ауа райы қандай болады
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республика бойынша жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады және екпінді жел соғады.

Солтүстік Қазақстанда, түнде Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жел тұрады. Күші 30 м/с және одан да жоғары болады.