Бұрқасын, көктайғақ, жел -23 қарашадағы ауа райы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қарашада республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды болады, ал солтүстікте қар жауады. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, бұрқасын байқалады, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

Павлодар облысында желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал.

 Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20, күндіз жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.

 Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20, екпіні 25 м/с болуы ықтимал.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күші 15-22 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күтіледі.

 Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, күндіз жел 15-20 м/с күтіледі.

Алматы, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с.

Соңғы жаңалықтар