Бұрқасын мен көктайғақ: синоптиктер алдағы үш тәуліктегі ауа райын болжады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қазақстандағы 13-15 ақпанға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бұрқасын мен көктайғақ: синоптиктер алдағы үш тәуліктегі ауа райын  болжады

«Жоғарғы циклон мен атмосфералық ағындар алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағымен өтетін болады. Кей жерлерде қар жауып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Еліміздің солтүстік өңірлерінің кей жерлерінде бұрқасын болса, оңтүстікте көктайғақ күтіледі», - деп хабарлайды синоптиктер.

14-15 ақпан күндері еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аймақтарында қалың қар жаууы мүмкін.