Бұрқасын салдарынан Астана-Қарағанды күре жолы жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрқасын салдарынан Астана-Қарағанды күре жолы жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» «Қазақавтожол» ЖШС-не сілтеме жасап.
«Астана-Қарағанды жолы жабық. Қатты бұрқасын, желдің жылдамдығы секундтына 15 метр», делінген 11 қаңтар күні түнде таратылған ведомоствоның хабарламасында.
Ауа райының қолайсыздығынан көліктің барық түрінің қозғалысы тоқтатылған.