Бұрқасын салдарынан Қарағанды облысындағы жолдар жабылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында бұрқасын мен қатты жел соғуы салдарынан жолдар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Жолдардың жабылуы туралы СМС-хабарламалар түстен бері бірінен кейін бірі келуде.
Жедел ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңда мына жолдар жабылды: Теміртау - Ақмола облысының шекарасы, Қарағанды-Қарқаралы, Қарағанды - Павлодар облысының шекарасы, Топар - Жезқазған, Қарағанды - Ақсу-Аюлы.
Құтқарушылар жүргізушілерден сақтық шараларын сақтап, ұзақ жолға шықпауын сұрауда.