Бұрқасын салдарынан республиканың төрт облысында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ақпараты бойынша республиканың төрт облысында бұрқасын салдарынан көліктердің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көктайғақ) Қарағанды қаласынан барлық бағыттар бойынша автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын) «Астана-Петропавл» (18-230-шы шақырымдар) және «Екатеринбург-Алматы» (Қызылжар бекетінен -Қарағанды облысының шекарасына дейінгі 1280-1353 шақырымдар) автожолдары учаскелерінде автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Оңтүстік Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, көрінудің нашар болуы) «Қошқарата-Жарықбас-Бірлік» автожолының учаскесінде (100-131 шақырым) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды.
Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көктайғақ) «Қызылорда -Павлодар» автожолының учаскесінде (1135-1206 шақырымдар, Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.