Бұрқасынға байланысты «Астана-Шучье» автожолы жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрқасынның салдарынан Астана-Шучье бағытындағы жол жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
«Желтоқсанның 19-ы сағат 11-00-ден бастап, ауа райының бұзылуына (бұрқасын) байланысты «Астана-Петропавл» бағытында (Астана-Щучье 18-230 км) жол қозғалысы барлық көлік құралдары үшін жабылды, делінген хабарламада.