Буркина-Фасода лаңкестер шабуылы құрбандарына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Буркина-Фасо билігі жексенбі күнінен бастап Уагадугадағы лаңкестер шабуылы құрбандарын еске түсіру үшін үш күндік аза тұту жариялады.
Бұл туралы ТАСС хабарлады.
AFP хабарлауынша, парламентпен қатынастарға жауапты байланыс министрі Реми Фюлганс Данджину бұл туралы мәлім еткен.
Данджинудың атап өтуінше, алдын ала мәліметтер бойынша, содырлардың Уагадугадағы Splendid қонақүйі мен Cappuccinno дәмханасына шабуылы салдарынан 26 адам мерт болған. Бұдан бұрын БАҚ 27 қаза болған адам жайлы хабарлаған болатын.
Лаңкестікке жауапкершілікті «Ислам Мағрибы елдеріндегі Әл-Каида» лаңкестік ұйымы мойнына алды.