Буркина-Фасода мешітке жасалған шабуылдан ондаған адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Жексенбі күні Буркина-Фасоның шығысындағы мешітке жасалған шабуылдан ондаған мұсылман қаза тапты. Бұл туралы елдің Исламдық бірлестіктер федерациясына сілтеме жасап AFP News Agency мәлімдеді.

буркина фасо
Фото: Pixabay

Мәлімдемеде жексенбі күні Натиабоани ауданындағы мешітке шабуыл жасалғаны айтылған.

Оның екеуі ауруханада, қалғаны оқиға орнында жантәсілім еткен.

Құрбандардың арасында «Отан қорғау еріктілері» ұйымының (VDP) сарбаздары мен мүшелері де бар.

Сол күні Буркина-Фасоның солтүстігіндегі Сахел аймағында Эссакане ауылындағы католик шіркеуіне жасалған шабуылдан тағы 15 адам қаза тапқан.

Бұл туралы шіркеу өкілі хабарлады.

 

Соңғы жаңалықтар