Буркина-Фасода содырлар қонақ үйдегі 20 адам атып тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Буркина-Фасо астанасы Уагадугудегі «Splendid» қонақүйіне шабуыл жасалып, кем дегенде 20 адам қаза тапты, деп хабарлады ВВС агенттігі.
-Сонымен қатар, шабуылдан, 15 адам жараланды көбіне оқ тиген, -деді Уагадугу университеттік ауруханасы директоры Роберт Сангаре.
БҰҰ қызметкерлері мен Еуропадан барған саяхатшылар тоқтайтын «Splendid» қонақ үйіне шабуыл жұма күні кеште болған.
Куәгерлердің айтуынша, отель маңында екі көлік жарылып, осыдан кейін бетперде киген топ ғимаратқа басып кірген.
Қанақ үй күзетшілерімен арада атыс болғаны да хабарланды. Болған оқиғаны «Әл-Қаида» содырлары жасағанын жариялады.