Бүркіт тырнағымен бүріп, үй мысығын алып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Миннесот штатында бүркіт үй мысығын тырнағымен  бүре ұстап, өзімен бірге алып кеткен. Оқиға видеоға түсіп қалды.
None
None

Ірі жыртқыш құс үшін де мысық ауырлық еткен. Құс әзер дегенде аспанға көтерілген. Мысық өз кезегінде жанталасып, одан құтылуға тырысқан.

«Сорлы мысық. Кейде жыртқыштың өзі құрбан болады», - деген пікір қалдырды видеоны көргендердің бірі.

Екі жануардың да кейінгі тағдыры беймәлім. 

 

Соңғы жаңалықтар