Бүркітші Айшолпан туралы ағылшын тіліндегі кітап шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада өтіп жатқан І Орталық Азия медиа форумында Лиз Уелштің «Бүркітші» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағылшын тілінде жарық көрген кітаптың тұсаукесер рәсіміне ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, кітап авторы Лиз Уелш, шығарма кейіпкері, бүркітші Айшолпан Нұрғайып, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Моңғолияның бұрынғы президенті Намбарын Энхбаяр және форум қатысушылары қатысты.

«Бүгін керемет сәт. Менің ойымша, осы қазақтың рухын көтеріп, еңсесін тіктеген тағы бір жақсы туынды құтты болсын! Ендігі кезекте біз де осы кітапты қазақшаға аударып, бұқара халыққа қолжетімді жасау міндетіміз деп білемін», - деді Аида Балаева.


Соңғы жаңалықтар