Түркияда шағын ұшақ апатқа ұшырап, экипаж қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның Бурса қаласында оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан ұшақты басқарған 2 ұшқыш мерт болды. Бұл туралы TRT Haber агенттігі хабарлады.
Басылымның мәліметінше, бүгін, 23 қыркүйекте Бурсаның Энишехир ауданында оқу-жаттығу кезінде ұшақ апатқа ұшырап, жантүршігерлік оқиға болған.
Апат салдарынан ұшақта болған нұсқаушы ұшқыштар қаза тапты.
Басылым қаза тапқан ұшқыштардың есімін жария етті. Олар — 61 жастағы Юнал Астер мен 42 жастағы Эмир Гулал Налжи.
Bursa’da eğitim uçağı düştü.
— TRT Haber Canlı (@trthabercanli) September 23, 2024
Özel bir uçuş okuluna ait uçaktaki 2 pilot hayatını kaybetti. pic.twitter.com/f9XBQD497n
Оқиға орнына жедел жәрдем, өрт сөндіру және полиция қызметі шұғыл жеткені аталып өтті.
Билік оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеген.