00:16, 12 Сәуір 2019 | GMT +5
Бұршақ, найзағай, жауын - жұмаға арналған ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 12 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты, республиканың басым бөлігінің кей жерлерінде жаңбыр жауады. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, найзағай жарқылдайды, оңтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Маңғыстау, түнде және күндіз Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.