Бұршақ тұқымдас дақылдар жүрек сырқатынан қорғайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұршақ тұқымдас дақылдардың бір порциясын - үрме бұршақтар, жасымық және нутты пайдалану жүрек-қан тамырлары сырқатынан қорғайды. Бұл туралы Торонтодан канадалық ғалымдардың зерттеуінде айтылған, деп хабарлады Росбалт.
Бұл азық-түліктер холестеринді 5 пайызға азайтады. Әсіресе ол ер адамдарға жақсы әсер етеді. Бұршақ дақылдарында май құрамы төмен, пайдалы жасұнық мол, оның үстіне арзан.
Оның бір кемшілігі: ішті кептіріп жібереді, дегенмен үйренгеннен кейін ол басылады, дейді диетологтар.