Бұршақ, жауын, жел - Бейсенбіге арналған ауа райы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстігінде, орталықта және шығыста найзағаймен бірге жаңбыр жауады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Солтүстіктің кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, екпінді жел күтіледі, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең жекелеген ауданында солтүстік тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз бұршақ болуы мүмкін.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді, бұршақ болуы мүмкін, түнде және таңертен кей жерлерінде тұман болады.
Алматы облысында таулы ауданындарда найзағай күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді.
Ал Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Жамбыл, Түркістан, кей жерлерінде Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.