Бұршақтың кесірінен үш мыңнан астам үй зақымданды
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Алтай Республикасының Майминск ауданы мен Таулы Алтайда төтенше жағдай режімі енгізілді.
Дүйсенбі күні мұнда үлкендігі 4 см және одан да асатын бұршақ жауып, баспаналардың шатырын зақымдап, терезелердің шыныларын сындырған. Бұл туралы сейсенбі күні аймақ бойынша ТЖМ ММ хабарланды.
7 адам медициналық қызметке жүгінген. Бәрі түрлі деңгейде бастарынан жарақаттанған.Автомобильдер, 64 әлеуметтік нысан, 3 мыңнан астам тұрғын үй зардап шекті. Барлығы 42 мың шаршы метр шатыр зақымданды, терезелердің 1,6 мың шаршы метр шынысы сынды.
Аймақта бүгін, 29 шілдеде жаңбыр, бұршақ жауып, желдің жылдамдығы 22-27 м/с жетеді деген ескерту жасалды.