Бурунди астанасында болған жарылыстан 4 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурунди астанасы Бужумбураның түрлі аудандарында өткен түнде орын алған атыстар мен жарылыстар салдарынан төрт адам көз жұмды, 28 адам қамауға алынды, деп хабарлайды ТАСС.
None
None

Жарылыстар мен атыстар себептері нақтыланбады.

Айта кетейік, Бурунди астанасындағы жағдай биылғы көктемнен бері - ел президенті Пьер Нкурунзиза үшінші мерзімге сайлануды жоспарлап отырғанын жария еткеннен бастап шиеленісті. Содан бері кикілжіңдерден шамамен 200 адам көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар