Бурундиде су тасқынынан 50 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурунди астанасы Бужумбурада су тасқыны салдарынан кем дегенде 50 адамның өмірі қиылды. Полиция мәліметінше, жүздеген үйлерді топан су басты.
Қазіргі кезде қаза болғандардың нақты саны белгісіз, себебі, олардың көбісі қирандылар мен судың астында қалып қойған. Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан электр энергиясымен қамтамасыз етуде үлкен проблемалар туындауда. Сонымен қатар жолдар бұзылып, егістік алқаптарына елеулі залал келтірілді. -0-