Бурундидің қазіргі президенті үшінші мерзімге қайта сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурундидің қазіргі президенті Пьер Нкурунзиза үшінші мерзімге қайта сайланды, деп мәлімдеді елдің Орталық сайлау комиссиясы.
None
None

Оппозиция бойкот жариялаған сейсенбідегі сайлауда 51 жастағы Нкурунзиза 69,41 пайыз дауыс жинады.

Президенттің басты қарсыласы Агатон Рвасада дауыс - 18,99 пайыз.

Қазіргі мемлекет басшысының үшінші мерзімге түсу туралы шешімі Бурундиді саяси дағдарысқа ұрындырды.

Соңғы жаңалықтар