Бурятияда этно жанрындағы орындаушылардың «Көшпенділер үні» фестивалі ашылды
АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат Бурятия астанасы, Улан-Удэ қаласында төртінші халықаралық «Көшпенділер үні» этникалық музыка фестивалінің ашылуы болды.
Оның сахнасында ҚХР, Батыс Еуропа, Африка, Бразилия мен Ресей елдерінің этно жанрындағы орындаушылары өнер көрсетеді.
tvkultura.ru хабарлағандай, қазіргі таңда Забайкалье өлкесінің этно музыкаға бей-жай қарамайтын өнерсүйер қауымы фестиваль бағдарламасымен таныса алады. Ұйымдастырушылар комитеті биыл бірқатар жаңалықтар енгізіпті. Сонымен, Ресейде алғаш рет Нигерден келген «Бомбино» ұжымының орындауындағы блюз және рок-н-ролл композицияларын, Зимбабведен келген «Мокумба» тобының орындауындағы афро-фьюжн музыканы және бразилиялық «BaianaSystem» тобының орындауында этно-электроникалы музыканы тамашалауға мүмкіндік туғалы отыр. Өнер көрсететін ұжымдар арасында дүниежүзін гастрольдік сапармен аралап жүрген «Anda Union» тобы да бар. Фестиваль өткізіліп келе жатқалы бері ұйымдастырушылар алғаш рет көшпенді халық мәдениетінен хабар беретін фильмдер көрсетілетін кино сахнасын ұйымдастырыпты, сонымен қатар заманауи итальяндық мозаика көрмесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы.