Бурятияда қуатты жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бурятияда сенбі күні таңертең магнитудасы 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Еуропа-жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметтеріне қарағанда, зілзала кіндігі Северемуйск қаласының шығысынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан.
Ошағы 10 шақырым тереңдікте. Қирандылар мен зардап шеккендер жайлы ақпарат түскен жоқ.