Бурятияда шамамен 80 мың гектар орман өртеніп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өрт қаупі өршіп тұрған Бурятияда бір тәулікте 2 мың га астам аумақтағы 10 орман өрті жойылды. Бұл туралы ТАСС Республикалық орман шаруашылығы агенттігіне (РОША) сілтеме жасап хабарлады.

Бурятияда шамамен  80 мың гектар орман өртеніп жатыр

«78 мың гектардан астам аумақтағы 41 жалынның тууы жедел штабтың бақылауында. Тағы 9 ошақ ауыздықталды», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Александра Егорова. ТЖМ аймақтық ММ елді мекендер мен әлеуметтік сала нысандарына қауіп төніп тұрған жоқ екенін айтты.

РОША өкілінің сөзіне қарағанда, отты ауыздықтауға тартылған құтқарушылар саны артып жатыр. «Бүгін таңертең Красноярск, Томск және Забайкальский өлкесінен федералдық күш келіп жетті. Республикадағы орман өртін жоюға 1608 адам, 185 техника жұмылдырылды», - деп түсіндірді РОША.