Бурятиядағы ірі апат: 22 пойыз вагоны рельстен шығып кетті
АСТАНА.KAZINFORM — Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Бурятияның (Ресей) Муйский ауданындағы Ангаракан станциясында 20-дан астам бос жүк пойызы вагоны рельстен шығып кетті. Бұл туралы ресейлік Төтенше жағдайлар министрлігінің республика бойынша Бас басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Салдарынан 250 м жол және байланыс желісі зақымданған.

Жұмыс жүргізу үшін Ангаракан станциясына Таксимо және Северобайкал қалаларынан қалпына келтіру пойыздары жіберілді.
Оқиға салдарынан жолаушылар пойызы (Кисловодск-Тында) кешігіп қалды. Кешігулер туралы ақпарат станциялар мен терминалдарда күтіп тұрған жолаушыларға SMS хабарламалар арқылы жіберіледі.

Теміржолшылар пойыздар қозғалысын қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы метросында зағип жолаушы рельске құлап, мерт болғанын жазған болатынбыз.