Бұрымды боксшыларымыз биіктен көрінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Щучинск қаласында тұңғыш рет қыздар арасында Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығы кубогына арналған бокстан Халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш турнирге Қазақстан, Украина және Ресей мемлекеттерінен жалпы саны 69 былғары қолғап шебері қатысты.
48 келі салмақта қазақстандық Алина Тұрлыбаева чемпион атанса, 51 келіде екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайды Украинадан келген Татьяна Коб финалда ұтып кетті.
54 келі салмақта әлем чемпионы Дина Жоламан бас жүлдені қанжығасына байласа, 69 келіде Зура Құсайынова, 75 келіде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова, 81 келіде Мөлдір Базарбаева және +81 келіде Ләззәт Күнгейбаевалар чемпион атанды